Қазақстан мұнай экспортынан жылына $40 млрд пайда табады

Қазақстан мұнай экспортынан жылына орта есеппен 40 миллиард доллардан астам пайда табады, деп хабарлайды 24KZ.

Сәйкесінше елде қара алтын өндіру көрсеткіші артып келеді. Мысалы, шілде айында маусыммен салыстырғанда мұнай өндіру 4,6%-ке өскен. Бұл – 7,57 миллион тонна. Ал табиғи газ өндіру өткен айда 7,9%-ке артқан. Бұл шамамен 5 миллиард текше метр.

Айта кетейік, былтыр елімізде 90 миллион тонна мұнай өндірілген. Ал расталған қор 2,9 миллиард тоннаға бағаланып отыр.