Елде ара шаруашылығын қолдауға ₸714 млн бөлінді

Былтыр бал экспорты 4 есеге жуық өсті, деп хабарлайды 24KZ.

Яғни, 2022 жылы қазақстандық омарташылар 58 тонна бал экспорттаса, 2023 жылы 220 тоннадан астам балды шетелге жөнелтті. Біздің балды Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Қытай, Қырғызстан мен Ресей сатып алды. Бал өндірісінде де өсім бар. 2022 жылы омарташылар шамамен 4 мың тонна бал алды. Ал одан бір жыл бұрын 300 келіге аз өндірілген. Бал өндірісінің негізгі үлесі Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына тиесілі.

Былтырдан бері «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша омарта шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несие беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы – 29,5 млн теңге. Өткен жылы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 12 омарта шаруашылығы 80 млн теңгеге жуық несие алды.  

Сондай-ақ отандық омарташылар жүргізетін селекциялық және асылдандыру жұмыстарын субсидиялау көзделген. Бұл жерде әр ара ұясына 5 мың теңгеден төленеді. Былтыр осы мақсатта 509 млн теңге, ал биыл 714 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.