Ғалымдар: транзиттік әлеуетті арттыру керек
Қазақстан – Батыс пен Шығысты байланыстыратын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.
Осындай географиялық артықшылықты барынша пайдалануымыз керек. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылаған ғалымдар осындай пікірде. Техника ғылымдарының докторы Бағдат Телтаевтың айтуынша, елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін инфрақұрылымды дамыту маңызды. Біріншіден, теміржолға назар бөлу керек. Себебі шойынжолдың 70%-ке жуығы тозған. Жүрдек пойыздардың санын көбейткен жөн. Биыл 12 мың шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтіп жатыр. «Бұл да транзиттік әлеует үшін маңызды», – дейді профессор.
Бағдат Телтаев, техника ғылымдарының докторы, профессор:
- Батыстан Шығысқа, Шығыстан Батысқа тасымалдаған жүктің бәрі біздің елімізбен өтіп, біздің ел тек қана мұнай мен металды сатып қана емес, өзіміздің жеріміз арқылы көлікпен тауарлар өткізу арқылы қомақты пайда тауып, халықтың қажетіне жаратуға болатынын баса айтты. Біз көлік саласында қордаланған мәселелерді зерттеп, біліп, Үкіметке ұсыныс дайындап жатырмыз.