Сарапшы: АЭС көп мөлшерде энергия өндіру үшін тиімді

Сарапшы: АЭС көп мөлшерде энергия өндіру үшін тиімді

Австралиядағы атом энергетикасы саласының маманы, сарапшы Уилл Шакел атом электр стансысына қатысты пікір білдірді.

Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының шығындарын төмендететіні анық. «Сондықтан бұл біздің болашағымызға ұзақмерзімді инвестиция болмақ», – дейді жас сарапшы. Оның айтуынша, атом энергетикасы парниктік газдардың ең төмен деңгейін шығаратын энергия көзі болып табылады. «Бұл ретте егер адамзат климат өзгерісіне қатысты мәселені шешкісі келсе, жаңартылатын энергия көздерімен біріктірілген атом энергетикасына инвестиция құю керек», – дейді австралиялық сарапшы. 

Уилл Шакел, АЭС бойынша сарапшы:

- Австралияда электр энергиясы бағасының өсуіне қатысты үлкен алаңдаушылық бар. Өмір сүру құны шынымен де жоғары және біз жүздеген миллиард долларға жаңартылатын энергия көздерін енгізіп жатқанымыз бұған ықпал етуі мүмкін. Егер біз мұны атом энергетикасымен салыстыратын болсақ, онда батыс елдерінде жобаларға қатысты кейбір мәселелер болғанымен, бұл, әрине, Қытай, БАӘ және т.б. сияқты атом энергетикасымен айналысатын көптеген Азия елдерінде айтарлықтай үлкен мәселе емес.