Алматы облысында бағаны тұрақтандыруға бес млрд теңге бөлінді
Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5 млрд теңге бөлінді.
Соның 4 млрд теңгесі «айналым схемасына», ал қалған бөлігі тұрақтандыру қорын қалыптастыруға жұмсалды. Облыс бойынша тұрақтандыру қорының барлық кезеңінде 19 түрлі тауардан жасақталған 317 тонна өнім сатылды. Ел бойынша тұтыну тауарлары мен халыққа көрсетілетін қызметтердің бағасы ең төмен өңірдің бірі Алматы облысы, дейді сарапшылар. Онда өткен 9 айдың ішінде баға 3,7 пайызға өскен. Қонаев қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда-саттыққа шығатын екі әлеуметтік сауда павильоны іске қосылды. Алдағы уақытта өңірде тағы осындай 5 павильон жұмыс істей бастайды.
Әділ Бақытұлы, Алматы облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:
- 11 мың тоннаға жуық тауарға алдынала келісім-шарт жасалды. Оны айтып отырғаным, 2025 жылы маусымаралық кезеңде мына овощтардың бағарлары күрт өсуі мүмкін деген болжам болады әр жылы. Ортақ бағадан, рыночный стоимосттан 15 пайыз төмен болып бұйыртса жеткізілетін болады.