Мемлекеттік қорға 177 миллиард теңге қайтарылды
Еліміздегі активтерді қайтару шаралары шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор тағы 177 млрд теңгемен толықтырылды.
Бұл туралы Бас Прокуратура хабарлады. Өткізілген мүліктердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер телімі және екі автокөлік бар. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қайтарылған барлық қаражат елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыруға жұмсалады, делінген ресми жазбада.