Павлодар облысында бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау дерегі анықталды
Павлодар облысында бірнеше ірі нысан бойынша қаржының ұтымсыз пайдаланылуы анықталған, деп хабарлайды 24KZ.
Мысалы, «Достық» ықшамауданындағы мектеп жобасының құны 1 миллиардтан сәл асқанымен, оның құрылысына жергілікті әкімдік 2 млрд 200 млн теңге бөлген. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері 2,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл болды.
Мереке Қожабергенов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға қызметкері:
- Волонтерлер Павлодар қаласындағы теміржол көпіріне орнатылатын қымбат сәулеттік жарық қондырғысын сатып алудың жолын кесті. Оған жергілікті әкімдік 133 млн теңге қарастырған. Заңбұзушылық анықталғаннан кейін Павлодар қаласының әкімдігі сатып алудан бас тартты.