Банктердің онлайн қызметін пайдаланушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Биыл елдегі қаржы құрылымдарының онлайн қызметтерін пайдаланушылар қатары 25 млн-ға жуықтады.
Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ranking.kz сайтының сарапшылары келтірген мәлімет осындай. Былтырмен салыстырғанда тұтынушылар қатары 12,4% артып отыр. Үздік ондықтың ішіне екінші деңгейлі банктер мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енді.