Қазақстан мен Қытай құны $1 млрд келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында құны 1 млрд доллар болатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24kz.

Енді елімізде бірлескен бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асады. Әсіресе, бидай экспорты және оны өңдеу ісіне ден қойылады. Көрші мемлекеттің бизнес өкілдері дәнді дақылдарды терең өңдеуге қызығушылық білдіріп отыр. Ал астық жеткізу кейінгі жылы 5,5 есеге артқан. Енді оны 2 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Қазақстандық тарап бұл жоспарды жедел режимде іске асыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ инвесторларға тартымды бірқатар жобалар ұсынылды. Екі елдің агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқыланды. Жүк тасымалы мен құжат рәсімдеу кезіндегі бірқатар кедергілерді жою туралы ұсыныстарын ортаға салынды. Дөңгелек үстелге қазақ-қытайдың 70-ке тарта ірі азық-түлік және ауыл шаруашылығы компаниялары қатысты.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Протоколдар көбінесе қағаз құжаты өте ұзақ, жарты жылға дейін барады. сондықтан біз мұны қысқартайық дегенбіз. Біз қағаздарымызды, хаттарымызды жібереміз жауапты жарты жылда аламыз. Біз 1-2 айда шешіп тастауымыз керек. Сонда біздің компанияларға жеңіл болушы еді. Уақытында тезірек. Екінші мәселе шекарада вагон мәселесі. Бұл жерде екі жақта да, Қытай жағында да, біздің жақта да мәселе бар. Осыны күшейтіп, жолын кеңейтсек, онда бұл жерге көбірек бидайын да, басқа да дақылдарын жеткізер едік.