Туризм: орналастыру орындарының кірісі 27%-ға өсті

Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді, деп хабарлайды 24KZ. 9 айда ел ішін аралаған туристер 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Ал 11,5 млн шетелдік мейман Қазақстанды көру үшін арнайы келді.

Бұл былтырғыдан 2 есе көп. Орналастыру орындарын паналаған сыртқы туристер саны мыңға жуықтады. Мамандар елдің туристік бағыт ретіндегі әлеуеті артып жатқанын айтады. Саланың экономикалық көрсеткіштері де еселенген. Мәселен, қонақүй, демалыс орындарының жалпы кірісі 27%-ке өсіп, 224 млрд теңгеге жетті. Қазір елде 226 мың төсек-орынды қамтитын 4,5 мыңға жуық орналастыру орны бар.