Қазақстаннан Қытайға тауықтың аяғы экспортталатын болды

Қазақстан Қытайға тауықтың табанын экспорттайды. Көрші елде өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары, деп хабарлайды 24kz.

Қытайлықтар оны мыңдаған тонна көлемде қабылдауға дайын. Бұл бағытта «Aitas KZ» компаниясы нақты келісімге қол жеткізіп, 100 млн долларға келісім-шартқа отырды. Енді отандық өндіріс орны жылына 2 мың тоннаға дейін тауық аяғын шығаруға ниетті. Бұдан бөлек, өзге де құс өнімдері экспортталады.

Айта кету керек, қазақстандық компания жылына 160 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы.

Рабиға Тоқсейітова, «Aitas KZ» АҚ холдингтік компаниясының вице-президенті:

- Бізде тауықтың аяғы дейміз ғой. Ол тауарға бізде аса көп сұраныс жоқ. Біз одан ұн шығарамыз. Ал енді бұл елде ең маңызды, ең керекті тауықтың өнімі. Екі мың тонна шығарамыз. Әрине, бұл енді Қытай еліне деген азын-аулақ көлем. Біздің жоспарымыз бойынша 2030 жылға дейін 700 мың тонна шығаратындай құс фабрикаларымыз бүкіл Қазақстанда шығаратын болады.