Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ₸134 млрд бағытталды

Ақмола облысында биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 134 миллиард теңге бөлінді. Қомақты қаржының 46 миллиарды – қайтарымсыз субсидия. Бұл шаруалардың кәсібін ширатып, мол өнім алуына мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың бірі – Бүркітбай Уәлиев. Зеренділік шаруа биыл мемлекеттен арзандатылған жанар-жағармай мен тыңайтқыштар алған. Осылайша, орақ науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім жинады.

Бүркітбай Уәлиев, «Уәлиев» шаруа қожалығының басшысы:

- Бізге енді Үкімет тарапынан жылда-жылда арзандатылған жанар-жағармай беріледі. Соны аламыз. Сосын техника алсақ, оғанда көмегі бар. Субсидия береді 25-30%-пен. Дәнді дақылдарға гербецит, тыңайтқыштан көмегі болады.

Иә, биыл жергілікті диқандар үшін табысты жыл болды. Қамбаға 6,5 миллион тонна астық құйылды. Бұл рекордттық көрсеткіш. Шаруалар мұндай жетістікке тікелей мемлекеттің қолдауымен жеткендерін жасырмайды. Қазір өңірде келер жылғы қаржыландыру көздері қарастырылып жатыр.

Дулат Сердәлі, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а.:

- Биылғы жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылғы агросезонның басталуына желтоқсан айынан бастап қаржыландыру басталды. Бұл жаңа айтып өткен, «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламасы және «СП КӨКШЕ» арқылы бөлінетін қаражат. Бүгінгі күні 1 млрд теңге сомасында 18 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы берілді.

Бұдан бөлек, биыл 600-ден астам ақмолалық шаруа «Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алды. Қаржыландыру сомасы 60 миллиард теңгеге жуықтады.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкоренка.