Елдегі шетелдік интернет-компаниялар ₸69,8 млрд салық төледі
Елдегі шетелдік интернет компаниялар бюджетке 70 млрд теңгеге жуық салық төледі.
Міндетті төлемдер туралы нормалар 2022 жылдың қаңтарында күшіне енген болатын. Содан бері Aliexpress, Google, Apple, Alibaba секілді алыптар бастаған 94 шетелдік компания шартты түрде тіркеуге алынған. Олар Қазақстан аумағында көрсетілген қызмет пен сатылған тауар үшін 12% мөлшерлемемен қосылған құн салығын төлейді.