1 қаңтардан бастап елде айлық есептік көрсеткіш құны өсті. Осыған байланысты міндетті сақтандыру полисі мен төлқұжат алу үшін төленетін баж мөлшері де артпақ. Енді айлық есептік көрсеткіш 3063 теңгеге тең болса, ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңге деп бекітілді. Көлік салығына да көбірек төлейтін боламыз. 2021 жылы қозғалтқыш көлемі 2000 текше болатын көлікке 12 221 теңге алынса, енді 13 197 теңге. Атырау облысында 2021 жылдың 29 желтоқсандағы көрсеткіші бойынша көлік салығынан 1 млрд 795 млн теңге қаржы түскен. Айта кету керек, жүргізушілер де жайлы көліктен гөрі салық құны төмен темір тұлпар тізгіндеуді жөн санайды. Уағыз Ғазизұлы, қала тұрғыны: - Автокөліктерге салынатын салық та өсіп жатыр дейді. Біз өзіміз осы объемы кішкентай машина айдап жүрміз. Олардың салығы оншалықты емес. Объемі үлкен машиналар оларға көп болады. Сол себепті біз осындай күнделікті жүріп-тұрысқа объемі кішкентай машина қолайлы деп есептейміз. Атырау облысында 29 желтоқсандағы есеп бойынша салықтан 1 триллион 503 млрд теңге түсім болған. Жергілікті бюджетке 404 млрд- астам қаржы құйылса, республикалық бюджетке 1 триллион 98 млрд теңге түскен. 2020 жылмен салыстырғанда түсім 277, 5 млрд теңгеге артық, дейді мамандар.