Бұл туралы Гүлшара Əбдіқалықова айтты. Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы да азайған. Ел бойынша халықты баспанамен қамтудың ең төмен көрсеткіші де осы өлкеде тіркеліп отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұған айрықша назар аударған Мемлекет басшысы облыс əкіміне мұнай орындарын зерттеуді, шағын жəне орта бизнес пен қызмет көрсету салаларына қолдау көрсетуді тапсырды. Себебі қара алтынға ғана иек артып отыруға болмайды. Ал Батыс Қазақстан облысында электр желілерінің 80 проценті тозған. Сондықтан көптеген ауылдың тұрғындары кейде əлі де жарықсыз отыруға мәжбүр. Бұл мәселені шешу керек деді Президент.