Мәселен, Атыраудан Самарға дейін баратын мұнай құбыры арқылы «қара алтынды» жөнелтуге болады. Бұл туралы «Хабар 24» Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа сілтеме жасап хабарлайды. Оның айтуынша, Ресей жүйесіне қосылу арқылы Қара теңізбен, Балтық теңізіне жететін желімен 7 млн тоннаға дейін өнімді қосымша жіберуге болады. Бірақ сапасында айырмашылық болатыны хақ. Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі: - Екіншісі – мұнай желісі Ақтау теңіз порты. Кезінде бұл 12 млн тоннаға дейін кеңелтілген. Қазіргі уақытта шектеулі. Бұл порт арқылы 5 млн тоннаға дейін қазіргі уақытта жіберуге болады. Себебі, Қара теңізден өтіп Баку жеріне жетіп, одан кейін Қара теңізге дейін жеткізуге болады. Теміржолмен жеткізуге болады. Өкінішке орай теміржол вагондары шектеулі болып тұр.