Оның бұл салада жүргеніне бірнеше жылдан асты. Алғашында автокөлікке музыкалық құрылғыларды орнату, артық дыбысты өткізбеу сынды жұмыстармен айналысқан Сергей, бүгінде механик қызметін атқарады. Цехқа келгеніне 5 жылдан асты. Өзі үшін үйренген сала еңбекқорлығының арқасында мамандығына айналды. Мұнда білімін жетілдірді. «Әрдайым жаңашылдыққа құмар болу адамды еңбекке баулиды. Шамаң жеткенше жұмыс істеу керек. Онсыз жетістікке жету мүмкін емес», – дейді бағдарлама кейіпкері.