387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим «Junior Eurovision» байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр

  • 534
  • UPD: 13:22, 24.10.2019

Дарынды жас әнші, «Балалар дауысы» жобасының жеңімпазы Ержан Максим «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр.

Бейнебаян Алматы қаласының көрікті жерлері мен Абай атындағы опера және балет театрында түсірілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түсірілім алаңындағы соңғы дайындық. Ержан даусын жиі жаттықтырып шыңдай түссе, техникалық топ залды әзірлеуде. «Junior Eurovision» байқауының шарты бойынша қатысушылар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет.

Ержан Максим, әнші:

 -Әнім өзіме қатты ұнады. Көрермендерге, Қазақстан халқына ұнайды деп ойлаймын. Жақында тыңдап бағасын бересіздер. Техникалық жағынан қиындығы бар. Дауыс көтеретін жерлер де бар. Енді ауыр өлең деп айтуға да болады. Маған өзіме негізі сондай әндер ұнайды.

Клиптің авторы – украиналық режиссер Александр Фломбойм. Қоюшы-операторы көптеген қазақстандық әншілерге бейнебаян түсірген маман Станислав Ильин. Бейнебаянның мазмұны жақсылық, асқақ армандардың орындалуы жайында.

Станислав Ильин, қоюшы-оператор:

- Бұл Ержанның алғашқы клипі. Ержан өзін түсірілім алаңында еркін ұстайды. Камерадан қорықпайды. Әннің мазмұнын ашып, тыңдарманға жеткізу үшін барымызды салудамыз.

Баласы атқа шапса, анасы тақым қысатын халықпыз ғой. Сондықтан Гүлмира апай үнемі Ержанның қасында. Алғаш рет «Junior Eurovision» 2003 жылы Данияның Копенгаген қаласында өткен. Ал биылғы жарысқа 19 елден жас өрен қатысады.

Гүлмира Әлібек, ержан максимнің анасы:

- Кеше съемкамыз сағат 5-6-да басталған болатын. Бүгін таңғы 6-7-ге дейін түсірілімде болды. Ержан енді кішкентай бала. Қатты шаршайды. Күтімі керек арасында. Өте үлкен жауапкершілік. Ержан кішкентай болса да, оның бәрін түсініп, біліп жүр. Қобалжып жүр. Бар күшін салып, дайындалып жатыр.

«Junior Eurovision» халықаралық балалар ән байқауы 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында басталады. Жерлесіміз Ержан Максим қатысатын жас әншілер жарысын «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Шалбаев

Хабар 24 телеарнасы