387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максимнің алғашқы ұстазы шәкіртінің әр жетістігіне шаттанады

  • 124
  • UPD: 11:16, 05.11.2019

Осы айдың аяғында Польшаның Гливице қаласында өтетін балалардың «Евровидение» байқауында ел намысын Ержан Максим қорғамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оралдан шыққан оғлан бұған дейін Италия, Ресей, Латвия, Беларусь елдеріндегі түрлі өнер додаларынан олжалы оралған еді. Ал Ресейдегі «Голос дети» жобасы жас таланттың қарым-қабілетін жарқырата көрсетті. Енді өз дарынын миллиондарға мойындатқан Ержан Максимді Еуропаның басты байқауы күтіп тұр. Бұл «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағына мүшелігінің арқасында мүмкін болғанын айта кеткен жөн. Біздің арна көрермендері, яғни қабырғалы қазақ елі, соның ішінде Ержанның туған жері тума таланттың тілеуін тілейді. Олардың қатарында Орал жастар мәдениет сарайының тәлімгері, Ержанның алғашқы ұстазы Дария Бақытова да бар. Балғын әншіні 5 жасынан баулыған майталман маман шәкіртінің әр жетістігіне шаттанады.

Дария Бақытова, Ержанның музыкадан алғашқы ұстазы:

- Алдыма келген баланың барлығы да мен үшін бірдей. Барлығы да бір-бір үйдің тентегі, барлығы да алтындарым. Бірақ Ержан өзі бөлек болды. Бүгін таңертең ұйқыдан тұрып, парақшасын қарап едім, ол өзінің арманы болған осы кезге дейін қайда барса да, кімді тыңдайсың десе, Андреа Бочелли деп айтады. Сол қасында жүр екен, әнін айтып көрсетіп. Андреа Бочелли өзі сүйемелдеп отыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Ақ жол, жұлдызы самғай берсін!

 

Хабар 24 телеарнасы