384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арманыңнан қалма»: Ержан Максимнің таңдауы неге бұл әнге түсті

  • 348
  • UPD: 09:28, 14.11.2019

Енді тура 11 күннен соң, яғни 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында «Junior Eurovision-2019» ән байқауы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған біздің елден Ержан Максим қатысады. Қазір жас өнерпаз қызу дайындық үстінде. Ол байқауда «Арманыңнан қалма» деп аталатын әнді орындайды. Бұл әннің сөзін жас ақын Данияр Алдаберген, музыкасын композитор Хамит Шанғалиев жазған. Бұл шығармада арманшыл ауыл баласының үлкен өнерге деген ұмтылысы суреттеледі. Ержан Максим әлемнің қиыр-қиырынан жиналған 19 жас әншінің арасында бақ сынайды. Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға биыл екінші рет қатысқалы отыр.

Хамит Шанғалиев, композитор:

–  Ержан демо нұсқасын тыңдағаннан кейін әнді ұнатып қалды және бұл ән дауыстың мүмкіншіліктерін көрcетуге арналған ән болып шықты. Сондықтан соны таңдадық. Дисней, мультик стилінде деп жатыр. Біз әдейі сол стильде жасадық. Жай бір апталық ән болып қалмасын деп, кең тынысты шығарма жазсақ деген ниетіміз болған.

Данияр Алдаберген, ақын:

– Арман туралы жазғаным, балардың бәрі кішкентай кезінде ханзада мен ханшайым өмірін елестетеді. Ержан да көпке үлгі болды. Кез келген қиындық болсын, бөгеттер болсын. Арманың мықты болса, алынбайтын қамал жоқ екенін айтқым келді.

Хабар 24 телеарнасы