384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим еліміздің намысын лайықты дәрежеде қорғайтынына сеніміміз мол – Ерлан Бекхожин

  • 236
  • UPD: 17:18, 15.11.2019
Ержан Максим еліміздің намысын лайықты дәрежеде қорғайтынына сеніміміз мол – Ерлан Бекхожин

19 елдің жас әншілері қатысатын Junior Eurovision байқауында Ержан Максим түркі әлемінің атынан өнер көрсетеді.

Бұл туралы «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Байқауға негізінен Еуропалық одақ елдерінің өкілдері қатысады. Айта кетерлігі, Ержан бүкіл түркі әлемнің атынан өнер көрсетеді. Себебі Әзербайжан мен Түркия биыл өз кандидаттарын қатыстырмайды. Сондықтан біз оған үлкен үміт артып отырмыз. Сарапшылар оның мүмкіндігіне жоғары баға беруде», - деді Е.Бекхожин.

Сондай-ақ Ержан Максимнің еліміздің намысын лайықты дәрежеде қорғайтынына сенімі мол екенін айтты.

«Төрткүл дүниеге Қазақстанда талантты жастардың өсіп келе жатқандығын дәлелдейтініне күмәніміз жоқ», - деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы.

Айта кетсек, Junior Eurovision байқауы 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтеді.

Байқаудың ережесі бойынша жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұнаған өзге елдердің қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі  junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді.

Хабар 24 телеарнасы