386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision – 2019 байқауының ашылуы «Хабар» арнасының сайтынан көрсетіледі

  • 206
  • UPD: 09:24, 19.11.2019
Junior Eurovision – 2019 байқауының ашылуы «Хабар» арнасының сайтынан көрсетіледі

Бүгін, 18 қарашада қазақстандық жас әнші Ержан Максим қатысатын Junior Eurovision – 2019 байқауынының ашылу салтанатында жеребе тастау рәсімі өтеді.

Рәсім нәтижесі бойынша Ержан Максимнің «Арманыңнан қалма» әнімен сахнаға шығатын реттік саны анықталады.

Байқаудың ашылуы бүгін сағат 21:00-де «Хабар» арнасының ресми сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі. Мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетсек, кеше Ержан Максим Польшада өтетін Junior Eurovision халықаралық байқауына аттанды.

Сонымен қатар жас әнші Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Junior Eurovision байқауында өзіне 6 реттік саны түскенін қалайтынын айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы