384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим маңызды сынға қызу дайындық үстінде

  • 154
  • UPD: 13:25, 22.11.2019

Junior Eurovision-2019 байқауында еліміздің намысын қорғайтын Ержан Максим ақтық сайысқа қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Польшаның Гливице қаласының «Арена» стадионында ол «Арманнан қалма» әнін орындап қана қоймай, сахнада шоу жасайды. Қазақстаннан бөлек 19 елдің өкілі байқауда бақ сынайды. Бүгінде олар бірге қосылып орындайтын «Қуанышыңмен бөліс» әніне әзірлік үстінде. Ұйымдастырушы топ әрбір қатысушының камерамен жұмыс істей алуына аса мән беріп жатыр. Ержан Максим телевизиялық конкурстарда тәжірибесі мол болғандықтан камера алдында өзін өте еркін сезінеді. Оған қоса сары түсті киімі де әнші балапанды сахнада басқалардан ерекшелеп тұр.

Ержан Максим, Junior Eurovision-2019 қатысушысы:

– Репетицияда көп дайындалам. Әнге дайындалам, вокалға дайындалам, артымдағы сюжетке дайындалам, қыздармен дайындалам және де жаңағы киім бірге, басқа киім киінуге дайындалам және де камералармен дайындалам. 6-5 сағат осы репитицияға кететін шығар.

Айта кету керек, байқаудың ақтық сайысы осы жексенбіде «Хабар» телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 9-да көрсетіледі. Ержан Максим үшін дауысты ертеңнен бастап junioreurovision.tv сайты арқылы онлайн беруге мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы