384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision – 2019: Дауыс саны көп үміткер жеңімпаз атанады

  • 147
  • UPD: 18:07, 23.11.2019

Junior Eurovision-де Қазақстан атынан өнер көрсеткен Данелия Төлешова мен биылғы үміткер Ержан Максим болашақта ересектерге арналған Eurovision-ге де жолдама алуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір дайындық сәті. Бұл жолы Junior Eurovision ақтық сайысының ашылу салтанатына. Қатысушылар сахнаға шығып, көрерменмен сәлемдесіп жатыр. Ержан Максим бастаған топтың көңіл-күйі әдеттегідей көтеріңкі. Музыкаға билеп те, камераға жымиып та үлгереді. Жалпы басқа мемлекеттердің өкілдері қазақстандық балтаңдай әншіге риза. Ержанның әрдайым қуанышымен бөлісіп жүретін жайдары мінезін олар жақсы көреді.

Джордан Энтони, Junior Eurovision-2019 қатысушысы: /Австралия/

– Иә, мен Ержанды жақсы танимын. Бір-бірімізді жиі көреміз. Оның әні – тамаша, даусы – керемет. Жексенбі күні көрсететін нөмірін тағатсыздана күтіп жүрмін. Меніңше, бұл байқауда кез-келген адам, оның ішінде Ержан да бар, жеңіске жетуі мүмкін. Бұл жылы қатысушылардың барлығы мықты.

Жалпы, «Хабар» телеарнасы ересектер арасындағы Eurovision жобасын бірнеше жылдан бері тұрақты түрде көрсетіп келеді. Бірақ Еуропалық хабар тарату одағының толыққанды мүшесі болмағандықтан оған өкіл жіберуге әзірге мүмкіндік жоқ. Junior Eurovision-ге Данелия және Ержан салған дара жол ересектер байқауына жол ашады деген үлкен үміт бар.

Ринат Кертаев, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз тіпті болашақта балалар Евровидениесінің ақтық финалын өз елімізде өткізуге ниеттіміз. Бұл біздің еліміздің мәдениетін, біздің еліміздің бай тарихын, біздің еліміздің заманауи қарыштап, дамып жатқанын Еуропаға, әлемге көрсететін үлкен мүмкіндік десек артық айтқандық болмас. Оған бізде тиісті мамандар,тиісті база, түрлі халықаралық шараларды өткізген тәжірибесі бар, кәсіби командалар бар.

Бүгін байқаудың негізгі дайындығы аяқталған соң жабық тікелей эфир өтеді. Оны әр елде отырған қазылар алқасы дауыс беру арқылы саралайтын болады. Ал жексенбіде «Хабар» телеарнасында сағат 21-00 де болатын ақтық кезеңді қалың көрермен бағаламақ. Қазылар алқасы мен қарапайым халықтың даусын көп жинаған өнерпаз жеңіске жетеді.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы.

Хабар 24 телеарнасы