384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық ән байқауында Ержан Максимнің жеңіске жету мүмкіндігі қандай?

  • 160
  • UPD: 23:36, 23.11.2019

Junior Eurovision-2019 ән байқауында қалай дауыс беруге болады? Ән додасына үкілеп қосқан үмітіміз Ержан Максимнің жеңіске жету мүмкіндігі қандай? Ол туралы байқау өтетін Польшаның Гливице қаласынан арна тілшісі Ғалымжан Қараманұлы баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

– Бүгін ақтық мәре алдындағы соңғы күн. Яғни жеңімпазды анықтау науқаны басталып кетті. Ержан Максимге және тағы екі қатысушыға Eurovision.tv сайтына кіріп, дауыс беруге болады. Айта кету керек, дайындық барысында біздің Ержан жергілікті гливицелік тұрғындар арасында жанкүйерлер тауып та үлгерді. Қазақтың қарапайым баласының өнеріне тәнті болған поляктар даусымызды міндетті түрде Ержан Максимге береміз деп ағынан жарылуда.

Мария Краевска, волонтер:

– Junior Eurovision шарттары бойынша өз еліңнің қатысушысына да дауыс беруге болады. Бірақ менің бүйрегім Польщаға емес, басқа елдерге бұрып тұр. Мен Албанияға, Арменияға және әлбетте Қазақстанға дауыс бергім келеді. Өзіме Ержан Максимнің әні өте ұнайды. Маған арнап жазылған сияқты. Өйткені менің асқақ армандарым көп. Солардың бірі көп тіл біліп, әлемді шарлау. Қазақ тілін үйреніп, Нұр-Сұлтан қаласына баруды қалаймын.

Айтпақшы, Ержанның сахнадағы костюмі біздің жалауымызбен түстес. Егер көк туымыз Junior Eurovision көгінде желбіресін десеңіз Ержан Максимге және жүрегіңіз қалаған екі қатысушыға екі мәрте дауыс бере аласыз. Яғни, жексенбі күні кешкі 21.00-де көрсетілетін шоуға дейін және одан кейін. Байқаудан соң дауыс беру 15 минутқа қайта ашылады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы.

Хабар 24 телеарнасы