384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2019: қазылар алқасы дауыс беріп болды

  • 200
  • UPD: 20:33, 24.11.2019

Junior Еurovision 2019 «Хабар 24» тілшілерінің жіті назарында. Өнер додасы тура екі сағаттан соң басталады.

Оны «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Байқаудың негізгі хабар таратушысы польшалық TVP телекомпаниясы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. TVP президенті Яцек Курский қатысушыларға сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Ересектерге арналған Еurovision 2019 байқауының жеңімпазы Дункан Лоуренс видеосәлемдеме жолдап, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Журналистердің сұрақтарына жауап берген жас әншілер болса, дүбірлі дода алдында қандай сезімде тұрғандарын айтты. Біздің Ержан да бұл тұрғыда өз ойымен бөлісті. Баспасөз мәслихатының қысқаша үзіндісіне назар аударайық.

Ержан Максим, Junior Eurovision 2019 қатысушысы:

- Кішкене қобалжу болып тұр. Енді тырысамыз.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Қазылар алқасы дауыс беріп болды. Олар кешегі соңғы дайындықтың видеосын өз елдерінде көріп, шын жүйрікті анықтады. Бірақ ақпарат құпия сақталып отыр. Қазылар алқасы өз мемлекетінің қатысушысына дауыс бере алмайды. Ал, көрермендердің ондай мүмкіндігі бар. Сондықтан барша қазақстандықтарды Ержан Максимді қолдауға шақырамыз. Бүгін ақтық бәсекеде қазылар мен көрермендердің дауыстары қосылып, мыңнан тұлпар анықталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру үшін vote.junioreurovision.tv веб-сайтына кіріңіз. Ол сізді тура дауыс беру бөліміне апарады. Одан кейін қатысушылардың қысқа видеосын көріңіз және Ержанды сондай-ақ өзіңізге ұнаған кемінде тағы екі әншіні белгілеңіз. Соңында «сіздің даусыңыз қабылданды» деген жазу шығады. Бүгін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен сағат 21.00-де көрсетілетін шоудан кейін тағы да таңдау жасай аласыз.

Хабар 24 телеарнасы