Қазақстандық жас әнші Ержан Максим байқауда оныншы нөмірде сахнаға шығып, ән шырқады.
Ол осы додаға арнайы дайындаған «Арманыңнан қалма» композициясын қазақ және ағылшын тілдерінде орындады. «Балалар Евровидениесінің» финалын «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Еске сала кетейік, үміткерлердің барлығы өнер көрсетіп болған соң vote.junioreurovision.tv сайтында қатысушыларға дауыс беру желісі 15 минутқа ашылады. Сол сәтте отандасымызды қолдап, дауыс беруге болады.