384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержанның бағындырған белесі – мен үшін үлкен жетістік – Әншінің атасы

  • 100
  • UPD: 15:51, 25.11.2019

Ержанның дүбірлі додада екінші орын алғаны 12 жастағы балғын талант үшін толайым табыс екені даусыз.

Оның Оралдағы тума-туыстары да кеше қара шаңыраққа жиналып, «Хабар» арнасындағы тікелей көрсетілімді бірге тамашалап, қуанышқа кенелді. Ержанның атасы Максим Есқалиев биыл сексеннің сеңгіріне шықса, әжесі Гүлжиян 73-те. Екеуі 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 19 немере-жиен, 21 шөберенің қызығына бөленіп отырған ғибратты ғұмыр иелері. Немерелердің ең кішісі болғанымен, келешегінен зор үміт күттіретіні осы Ержан дейді атасы.

Максим Есқалиев, Ержан Максимнің атасы:

- 12 жасында мынадай үлкен «Евровидение» конкурсына баруының өзі мен үшін үлкен жетістік. Мен ризамын. Мұндайға жетеміз деп ойлаған да жоқ едім. Мүмкін осында болады деп, кішкентай уақытында айтса, сенбес едім. Қазір енді сенем. Бүгінгі айтқаны маған ерекше ұнады өлеңі. Осыған көп көмектескен «Хабар» телеарнасы. Солардың көп қолдауымен қайта-қайта көрсетіп, оның жетістктерін кілең алға шығарып сөйтіп жүрді.

Хабар 24 телеарнасы