384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максимнің шетелдік жанкүйерлерінің қатары артты

  • 138
  • UPD: 15:35, 25.11.2019

«Junior Еurovision 2019 байқауының жеңімпазы – Ержан Максим». Бұл Ержанның шетелдік және қазақстандық жанкүйерлерінің пікірі.

Дүбірлі додадан кейін балтаңдай балапанның өнеріне табынушылар географиясы кеңейіп, Қазақстанның әлем бойынша танымалдығы арта түсті. Польша, Грузия, Италия, Францияның және басқа да мемлекеттердің өкілдері бәрі-бәрі шынашақтай дарын иесін құшақтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізіп жатты. Ержанмен суретке түсіп, қолтаңба алды. Олардың қатарына концерт үшін, Польшаның Гли-вИце қаласына Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келген қонақтарды қосыңыз. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және басқа да қалалардан жиналғандардың және жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерінің қолында Ержанның суреті бейнеленген баннерлер, жүздерінде бал-бұл жанған күлкі.

Тинатин Бердзенишвили, Грузия бірінші арнасы бас директорының бірінші орынбасары:

- Біздің елдің қазылар алқасы өз 12 балын Ержанға берді. Біздіңше, ол өте ерекше бала, үлкен дарын иесі, өте тәтті, тартымды. Шыны керек, сіздердің жеңбегендеріңізді естіп, кішкене көңіліміз босап кетті. 

Гүлмира Жангелдіқызы, Нұр-Сұлтан қаласының №2 өнер мектебінің директоры:

- Ержан үшін әдейі отпуск алып, жұмыстан сұранып дегендей. Кәсіби мамандар, музыканттар бірінші орын беріп тұр баламызға. Нағыз баға сол деп ойлаймын. Халықаралық байқауда орын алудың өзі үлкен жетістік. Ержанымыз әлі жас.

Айта кетейік, Ержан Максим жалпы есеп бойынша 227 дауыс жинап, бірінші орын иесі польшалық Вики Габордан 51 дауыс артта қалды. Бірақ қазылар алқасының таңдауы Ержан болды. Байқау кезінде барлығы 3,77 миллион дауыс қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы