386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2019: Ержан достарына сыйлықтар үлестірді

  • 75
  • UPD: 09:58, 26.11.2019
Junior Eurovision 2019: Ержан достарына сыйлықтар үлестірді

Junior Eurovision – қатысушылар үшін тек ән байқауы емес, жаңа достар табудың мол мүмкіндігі.

Өзің жайлы өзгелерге айтып, еліңді таныту. Ержан Максим 18 елден дос тауып қана қойған жоқ, оларға Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрлері жайлы да айтып берді. Барлығын елге қонақ болуға шақырды. «Орамал тон болмайды, жол боладының» ырымын жасап, әрбір қатысушыға сыйлық үлестірді. Ұлттық сувенирлер мен кәдесыйларды қуана қабылдаған шетелдік жас әншілер алғыс сезімдерін білдіріп, олар да өз кезегінде естелік сыйлықтар беріп жатты.

Джоанна Альмейда, Junior Eurovision-2019 қатысушысы:

- Junior Eurovision ән байқауының арқасында мен көп дос таптым. Мен ешқашан Қазақстанда болып көрген емеспін. Бірақ Ержанның шықыруын пайдаланып, елдеріңізге саяхаттап қайтқым келеді.

Тағы бір ақпарат. Ержан Максимді табысты өнер көрсетуімен Польшаның премьер-министрі алғашқылардың бірі болып құттықтады. Матеуш Моравецкий халықаралық байқаудың ақтық сайысына қатысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы