384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» кезінде басынан кешкен қызықты жәйт туралы айтты

  • 180
  • UPD: 22:18, 26.11.2019

«JUNIOR  EUROVISION-2019» байқауының жеңімпазы  Ержан Максим Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, Польшаның Гливице  қаласында  өткен дүбірлі додада жерлесіміз екінші орынды иеленіп қайтты. Жас әнші баспасөз өкілдерімен кездесуде 19 елдІҢ дарынды балаларЫ қатысқан ән байқауында алған әсерлері мен қызықты жәйттарымен бөлісті. 

Ұшақтың бір сағаттай кешігіп қонуы Ержан Максимді күтіп алуға келген жанкүйлердердің көңіл-күйіне еш әсер еткен жоқ. Сағат тілі түнгі үштен өткенде жиналған халық сүйікті әншісін ыстық ықыласпен қарсы алды. Құшақ-құшақ гүл де, қошемет те бәрі Ержан үшін.

Алыс жолдан шаршап келгеніне қарамастан Ержан мен анасы Гүлмира Әлібек, «Хабар» арнасының директоры Динара Бисембина  және мецанат Арман Бакеевтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатына келді. Сауалдар негізінен Ержанның көңіл-күйі, байқаудан алған әсерлері туралы болды. 

Ержан Максим, «Junior Eurovision-2019» байқауының жүлдегері:

- Енді өзім ойлаймын, екінші орын да жаман дәреже емес. Өкінбедім. Өкінбеймін. Мен наоборот өзімнің еліме, Қазақстаныма осындай екінші орын алып бергеніне көп-көп рахметімді айтамын. 

Байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша ең көп дауысты жерлесіміз Ержан  Максим жинап, ол бірінші орынды иеленіп тұрған еді. Алайда,  онлайн-дауыс беру нәтижесінен кейін  Поляк қызы бірінші орынға шығып, Ержан екінші орынды иеленді.

Бірақ ғаламторда әлемнің түкпір-түкпірінен  нағыз жеңімпаз Ержан Максим деген пікірлер айтылуда. Тіпті қазақ тілінің әуезділігіне  сүйсініп, осындай ұлды дүниеге әкелген қазақ топырағына, әсіресе ата-анасына алғыс айтқандар өте көп.

Гүлмира Әлібек, Е.Максимнің анасы:

- Қазақстан мықты болды, жақсы болды деп, барлығы қаншама жаңағы Италиядан келген делегация болды, Португалиядан келген, көптеген барлығымыз жаңағы гримеркаларымыз жақын болды ғой, бәрі жеке-жеке келіп, Ержанды құттықтаған кезде қаншама халық риза болған кезде біз барлығын да ұмытып кеттік. 

Ержан Максим, «Junior  Eurovision-2019» байқауының жүлдегері:

- Сахна алдында кішкене қиыншылықтар болды. Ол кезде  құлапқап, наушник дейді ғой, наушникті киіп айттық. Сол жерде менің құлағыма  сол наушник  сыймай қалды. Өйткені, менің құлағым құттай.  Сосын  маған қиын болды. Сосын құлағыма скотчпен жабыстырып берді.  

«Хабар» Агенттігі Ержан Максимнің  жеңіске жетуіне барынша қолдау көрсетті. Себебі «Хабар» Агенттігі Еуропалық хабар тарату Одағының қауымдасқан мүшесі болып табылады.  Яғни «JUNIOR  EUROVISION» байқауына үміткер ұсыну мүмкіндігіне ие.  

Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:

- Былтыр, мысалы, Данэлия Тулешованы жіберсек, бірінші рет, екінші ретте осы жылда біз Ержан Максимді жібергенбіз. Ержан барша қазақстандықтардың үмітін ақтады деп ойлаймын. 

«Хабар» арнасының басшысы Агенттік бұдан әрі де жас дарындардың танылуына мүмкіндік жасап, осындай жобаларды жалғастыратынын айтты. Ал Ержан қазірдің өзінде байқау жеңімпаздарымен Польшада ән жаздырып қайтқан. Енді басқа да дүбірлі додалардан қалмаймын дейді. Болашақта сол елде өзінің жеке концертін беруді де жоспарлап отыр.

Авторлары: Алуа Маханбет, Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы