432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» «Евровидение: Europe Shine a Light» музыкалық шоуын көрсетеді

  • 392
  • UPD: 13:20, 13.05.2020

Мамырдың 16-сынан 17-сіне қараған түні сағат 01:00 тікелей эфирде «Хабар» «Евровидение: Europe Shine a Light» арнайы шоуын тікелей эфирде трансляциялайды.

Бұған дейін «Хабар» Агенттігі қауымдастырылған мүшесі болып табылатын Еуропалық хабар тарату одағы дүние жүзіндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Роттердамда өзінің қалыпты форматында өтетін «Евровидение-2020-дан» бас тарту туралы шешім қабылдады. Есесіне енді көрермендерді конкурстық жарыс принципінсіз өтетін ерекше шоу күтеді.

Бұл шоудың аясында «Евровидениенің» әртүрлі жастағы жеңімпаздары мен биылғы өтпей қалған конкурс қатысушылары дүние жүзіне қолдау көрсету және алғыс білдіру мақсатында өнерлерін ортаға салады. Өздерінің конкурстық композицияларынан жарқын деген 30 секундтық фрагменттері мен «Katrina and the Waves» тобының Евровидение-1997-де орындаған «Love Shine a Light» жеңімпаз әнін назарларыңызға ұсынатын болады.

Шоу  бағдарламасында «What’s Another Year» деп аталатын әннің дүние жүзіндегі конкурстың фанаттарымен виртуалды орындалуы ерекше элементі болмақ.

Жоба жүргізушілері – актриса әрі тележүргізуші Шанталь Янзен,  әнші Ян Смит және әнші Эдсилия Ромбли.

Хабар 24 телеарнасы