423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2020: өтінім қабылдау басталды   

  • 906
  • UPD: 10:51, 21.08.2020

Junior Eurovision-2020 байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Хабар» Агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе ұйымдастырған іріктеу кезеңі 20 тамызға дейін жалғасады. Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады. Айта кеткен жөн, халықаралық ән конкурсының финалы биыл 29 қарашада Польша астанасы Варшавада өтеді. Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады.

Еске салайық, еліміз Junior Eurovision байқауына осымен үшінші мәрте қатысуда. 2018 жылы байқауға Данелия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болса, былтыр Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орыннан көрінді. Бірақ қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын алған еді. Биыл бұл байқауға қатысу «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының қауымдасқан мүшесі атануы арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі де қолдау білдіруде. Толық ақпаратты jevision.khabar.kz ресми сайтында білуге болады.

 

Хабар 24 телеарнасы