423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision байқауының қазылар алқасы белгілі болды

  • 435
  • UPD: 10:59, 21.08.2020

Junior Eurovision Song Contest байқауы ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық сайыста Қазақстанның намысын қорғайтын жас талант 26 қыркүйекте белгілі болады. Бұл шараны «Хабар» агенттігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырып жатыр. Байқаудың финалы 29 қарашада Варшавада өтеді. Junior Eurovision-нің қазылар алқасына белгілі композитор, продюсер, Eurovision Song Contest ән байқауындағы Әзербайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те арнайы шақырылған. Ол – Дима Билан, Эльдар Гасимов, Никки Джамал сынды орындаушылардың хит әндерінің авторы. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға Қазақстан үшінші мәрте қатысып жатыр.

Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:

– Қазылар алқасына 10-нан астам адам кірді. Оның ішіне «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, саундпродюсер Ерлан Бекчурин, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары – Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов.

Хабар 24 телеарнасы