420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2020: ақтаулық жас әнші жанкүйерлерінен қолдау күтеді

  • 336
  • UPD: 20:41, 26.08.2020

Ақтаулық Дильназ Тілепова 29 қарашада Варшавада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 4 жылдан бері Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде вокал, сахна шеберлігі және би өнерін үйреніп жүр. Жас өнерпаз «Бала дауысы - 2018» республикалық ән байқауында «Көрермендер көзайымы» сыйлығын жеңіп алды. 2019 жылы Мальтадағы «Golden Voice» халықаралық байқауында бас жүлдеге ие болды. Дарынды қыз биылғы жаһандық байқаудың алғашқы екі кезеңінен сүрінбей өткен еді. Енді қазылар алқасы 400 үміткердің арасынан талантты 30 баланы таңдап алады. Жас әншілердің сайысы онлайн дауыс беру арқылы өтеді. Ең көп дауыс жинаған қатысушы Польша қаласында ел намысын қорғайды.

Дильназ Тілепова, балалар өнер мектебінің оқушысы:

– Кішкентай кезімнен «Евровидение» байқауына қатысу менің тек арманым болған. Ал қазіргі кезде сол байқауға қатысып, өз өнерімді салайын деп жатырмын. Қазір керегі жанкүйерлерімнің, Қазақстан халқының маған деген қолдауы, дауыс беруі. 30 баланың ішіне іліктім. Мен осы байқауда бар күшімді, өнерімді салуға тырысамын.

Хабар 24 телеарнасы