427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision: ұлттық іріктеуге дайындық қызу жүріп жатыр

  • 193
Junior Eurovision: ұлттық іріктеуге дайындық қызу жүріп жатыр

Заманауи жастардың талғамы бөлек.

Junior Eurovision байқауына қатысушылар әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі болуды көздейді. Сондықтан олардың қазіргі сұранысы – еуропалық бағыттағы музыка. Композитор Эдуард Бергалиевтің пікірі осындай.

Ол алғаш рет балалар байқауына арнап ән жазып жатыр. Қазір ұлттық іріктеуге дайындық қызу.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні сағат 18:30-да айтулы додада Қазақстанның намысын қорғайтын үміткер анықталады. Финалды «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Эдуард Бергалиев, композитор:

– Ән балаға арнап жазылғанымен, талап көп болды. Жастар үнемі алға жылжып отырады. Заманауи әндердің ауқымы кең. Әрі байқау Еуропада өтетіндіктен, сұранысқа сай стильді сақтауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы