428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision байқауына қатысушылар алғаш рет концерттік дайындығын өткізді

  • 99
  • UPD: 23:09, 24.09.2020

Бүгін Junior Eurovision байқауына қатысушылар алғаш рет концерттік дайындығын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 12 әнші «Қазмедиа» орталығының сахнасына шығып, сайысқа әзірлеген әндерін орындады. Ұлттық іріктеуге 700-ден астам бала қатысқанын айта кетейік. Сыннан сүрінбей өткендері 26 қыркүйек күні «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетілетін гала-концертте өнер көрсетеді. Жүзден жүйрік шыққан қатысушы қараша айының соңында Польша астанасы Варшавада өтетін халықаралық ән байқауында еліміздің намысын қорғайды.

Андрей Хван, байқаудың қоюшы режиссері:

- Ұлттық іріктеуге қатысып отырған 12 бала өте дарынды деп айта аламын. Біз әрқайсының әнін, мінез-құлқын ескере отырып, тамаша қойылымдар әзірлеп жатырмыз. Көрермендерді тамсандыратын қызықты шоу ұйымдастырылуда. Әрине, кім жеңіске жететіні туралы айтуы өте қиын. Менің ойымша, қатысушылардың барлығы жеңіске лайықты.

Хабар 24 телеарнасы