427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Junior Eurovision-2020» байқауына жолдаманы кім алады?

  • 92
  • UPD: 17:36, 26.09.2020

Бүгін «Junior Eurovision-2020» ұлттық іріктеуінің жеңімпазы анықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

700-ден астам қатысушыдан 12-сі финалға жолдама алған-ды. «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан қатысатын өнерпаздың есімі белгілі болады. Жас таланттар елімізге танымал композиторлардың арнайы шығарған авторлық әндерін орындайды. Конкурстың ұлттық іріктеу сынында барлық қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей. Нағыз талант иесін қазылар алқасынан бөлек, көрермендер SMS дауыс беру арқылы анықтайды. «Хабар» Агенттігі» Еуропалық хабар тарату одағына мүше болғалы осындай ірі халықаралық жобаларды ұйымдастыру мүмкіндігіне ие. Қазақстан Junior Eurovision ән байқауына үшінші рет қатысады.

Арай Досмұхамбетова, хореограф:

- Бастысы, жасаған еңбегіміз ақталса деймін. Басында балалармен жұмыс істеу қиын болады деп ойладым. Алайда олардың шыдамдылығы мен еңбеққорлығына тәнті болдым. Үлкен рахмет. 10 күн ішінде таңғы 9-дан кеші 9-ға дейін  дайындалды. Барлық қиындықтарға шыдады. Оларға тек сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы