429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Junior Eurovision» байқауына арналған бейнебаян жарыққа шықты

  • 92
  • UPD: 23:23, 09.10.2020

«Junior Eurovision-2020» байқауының жеңімпазы Қарақат Башанованың «Forever» әніне арналған бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық іріктеу жеңімпазы әнді 29 қарашада байқаудың гранд-финалында орындайтын болады. Әннің негізінде 7 жасында әкесінен айырылған және оған ән арнауды армандаған қыздың оқиғасы жатыр. Сондықтан режиссердің басты назары жұмыстары өте қауіпті және өмірін қатерге тігетін қызметтегі сарбаздар, ғарышкерлер, өрт сөндірушілерге түскен. Байқаудың гранд-финалын «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетеді. Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Еуропалық хабар тарату одағы бұл байқауды әр қатысушы өз елінде телекөпір форматында өткізу туралы шешім қабылдады. Конкурстың жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.

Қарақат Башанова, «Junior Eurovision-2020» байқауының жеңімпазы:

- Бұл клип барлық әкелерге арналады. Қызмет бабымен қауіпті мамандықта жүрген өрт сөндірушілер, әскери қызметкерлерге. Мұнымен оларды үйлерінде балалары күтіп отырғанын айтқым келді. Бұл менің басымнан өткен оқиға. Бұл ән әлемдегі барлық балалардың әкеге арнаған одасы.

Хабар 24 телеарнасы