420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2020: дауыс беру басталды

  • 467
  • UPD: 21:11, 29.11.2020

Бүгін балалар арасындағы басты дода Junior Eurovision 2020 байқауына дауыс беру басталды.

Еліміздің намысын ұлттық іріктеуде топ жарған Қарақат Башанова қорғайды. Ертең әлем елдерінің жас таланттары финалда бақ сынайды. Қарақат бүгін соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Ол әкесіне арналған әнді орындайды. Жүректен шыққан туынды жеңіске жетелейді дейді ол. Ертең «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде кешкі 10-да ән бәсекесі басталады. Өз еліміздің дарынды қызына дауыс беруге шақырамыз.

Қарақат Башанова, Балалар Евровидениесінің ұлттық іріктеу жеңімпазы:

– Бүгін соңғы дайындық жүріп жатыр. Қобалжу әрине бар. Бірақ елімнің намысын қорғау үшін бәрін жасаймын. Маған дауыс берулеріңізді сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы