419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Варшавада «Junior Eurovision 2020» баспасөз конференциясы өтті

  • 147
  • UPD: 23:30, 28.11.2020

Бүгін Варшавада «Junior Eurovision 2020» байқауының баспасөз конференциясы өтті.

Финалдық сынға қатысушы 12 әнші түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз дайындықтары жайлы әңгімеледі. Жерлесіміз Қарақат Башанова да Польшадағы орталық студияға бейнебайланыс арқылы қосылды. Қазақстандық өнерпаз ұйымдастырушыларға халықаралық додадағы әсерлі сәттерді тілге тиек етіп, осы байқауда көптеген дос тапқанын атап өтті.

Дәл қазір Junior Eurovision 2020 ән байқауына қатысушыларға дауыс беру жүріп жатыр. Көрермендер мен барлық отандастарымызды Қарақат Башановаға қолдау білдіруге шақырамыз. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында жүреді.

Хабар 24 телеарнасы