424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2020 жеңімпазы анықталды

  • 474
  • UPD: 00:27, 30.11.2020

Eurovision Junior 2020 халықаралық байқауы мәресіне жетті.

Франциялық бүлдіршін Valentina топ жарды. Ол 200 ұпай жинаған. Жобаға еліміздің атынан қатысқан Қарақат Башанова осыдан бес жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнаған Forever әнін орындап, екінші орынға ие болды. Жерлесіміздің еншісіне 152 ұпай бұйырды. Ал үздік үштікті 133 ұпай иеленген Испания орындаушысы қорытындылады.

Коронавирус пандемиясына байланысты бұл халықаралық ән байқауының финалы телекөпір форматында ұйымдастырылып, әр қатысушы өз елінде өнер көрсетті. Ал концертті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы