432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тікелей қосылым: Қарақат Башанова жанкүйерлерге алғысын білдірді

  • 220
  • UPD: 00:28, 30.11.2020

Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауында Қазақ елінің намысын қорғаған Қарақат Башанова екінші орынды иеленді.

Байқаудан соң жалғасқан тікелей эфирде Қарақат өзінің эмоциясымен бөлісіп, дауыс берген барша жанкүйерге алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Junior Eurovision 2020 байқауында франциялық бүлдіршін Valentina топ жарды. Ол жалпы 200 ұпай жинады. Жобаға еліміздің атынан қатысқан Қарақат Башанова осыдан бес жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнаған Forever әнін орындап, екінші орынға ие болды. Жерлесіміздің еншісіне 152 ұпай бұйырды. Ал үздік үштікті 133 ұпай иеленген Испания орындаушысы қорытындылады.

Коронавирус пандемиясына байланысты бұл халықаралық ән байқауының финалы телекөпір форматында ұйымдастырылып, әр қатысушы өз елінде өнер көрсетті. Ал концертті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Сондай-ақ:

Junior Eurovision 2020: Қарақат Башанова екінші орын алды

Junior Eurovision 2020 жеңімпазы анықталды

Хабар 24 телеарнасы