423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құдды періште тәрізді: Junior Eurovision-де Қ.Башанова 20 келілік көйлек киіп шықты

  • 955
  • UPD: 09:42, 30.11.2020
Құдды періште тәрізді: Junior Eurovision-де Қ.Башанова 20 келілік көйлек киіп шықты

Көрермендер мен қазылар алқасы жерлесіміздің әні мен дауысына ғана емес, сахналық бейнесіне де жоғары баға берді.

Қалай дегенмен түсірілімге 50-ге жуық адам жұмылдырылған. Ал Қарақаттың сахналық келбетін стилист Анарбек Жәрдемов әзірледі. Ұзын ақ көйлек жеңіл және әдемі көрінеді. Ол періштенің бейнесін еске түсіреді. Көйлекті тігуге 200 метр мата пайдаланылған, ал салмағы 20 кг болған. Оны алты ісмер екі аптаның ішінде тігіп шығыпты.

Анарбек Жардемовтің өзі: «Ақ түсті тегін таңдаған жоқпыз. Өйткені бұл әнді тыңдаған кезде тазалықтың, өмірден өтіп кеткен әкесіне деген сағыныш, балалық пәк махаббаттың лебі есіп тұрады. Көйлекке жібек, шифон және басқа да маталарды қолдандық», – дейді.

Ал сахналық көріністердің режиссері – Андрей Хван. Шығармашылық топ «идеяны жетілдіруге, реквизиттер мен декорацияларды дайындауға екі ай кетті» дегенді алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы