429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарақат Башанова: Әкем менің әлемге әйгілі әнші болғанымды қалады

  • 839
  • UPD: 12:33, 30.11.2020

Қарақат Башанованы әнге марқұм әкесі баулыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның әлемге әйгілі әнші болуын қалап, кішкентай күнінен әуесқой бейне-роликтер түсірген. Қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің әсем үнімен жұбатып, ұйықтатқан. Бұл туралы Қарақат біздің арнаға берген сұхбатында айтты. Сондықтан Junior Eurovision 2020 ән байқауына қатысарда әкеге алғыс әнін орындауды қалаған.

Қарақат Башанова, Junior Eurovision 2020 байқауының күміс жүлдегері:

– Маған әкем екі айымнан бастап әр түрлі әндер қоятын, Мейрамбек Бесбаевтың әндерімен ұйықтататын. Бір жасымнан бастап мені өзінің ескі телефонына түсіретін. Қазір ол телефон үйде сақталып тұр. Әкем менің әлемге әйгілі әнші болғанымды қалаған. Бірақ өкінішке орай әкем бес жыл бұрын көз жұмды. Мен ол кезде әкеме алғыс айтып үлгермедім. Сондықтан композиторым менен не туралы ән айтқың келеді деп сұраған кезде мен мұны айтуға қорықтым. Бірақ күш жинап, мен әкеге алғыс ретінде осы әнді арнағым келеді дедім.

Хабар 24 телеарнасы