425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Қарақат Башанованы құттықтады

  • 419
  • UPD: 15:27, 30.11.2020
«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Қарақат Башанованы құттықтады

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин Junior Eurovision 2020 ән байқауының жүлдегері Қарақат Башанованы қабылдады.

Кездесу барысында Ерлан Қалижанұлы Қарақатты халықаралық жобада сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік серік болуына тілектестік білдірді. Жас орындаушыға «Хабар» агенттігінің атынан естелік сыйлық табысталды.

Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 ән байқауында екінші орын алғанын хабарлағанбыз. Ол байқаудың финалында әкесіне арнаған Forever әнін орындады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Junior Eurovision 2020 финалы қатысушы елдерде телекөпір арқылы өтті. Телекөрермендер мен қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде Қарақат 152 ұпай жинап, Қазақстан жүлделі екінші орыннан көрінді. Ал бірінші орынды 200 ұпай жинаған Франция иеленсе, үздік үштікті 133 ұпай жинаған Испания қорытындылады.

Хабар 24 телеарнасы