Биыл «Евровидение» ән байқауы өте ме

«Евровидение» халықаралық ән байқауы 2021 жылы өтеді. 

Бұл туралы музыкалық байқаудың комментаторы, актер әрі комик Грэм Нортон хабарлады. Ол BBC News-ке берген сұхбатында іс-шара коронавирус пандемиясына қарамастан өтетіндігін мәлімдеді.

Әртістің айтуынша, байқау қалыпты форматта ұйымдастырылады. Яғни кәрі құрлық өкілдері басты орынға таласатын болады. Дегенмен қатысушылар Роттердамға келе алмаған жағдайда, олардың өнерінің видеосы көрсетіледі. 

Нортон ән сайысы 20 мың көрермен сыятын стадионда өтетіндігіне де кәмін келтіреді.

Мұның алдында «Евровидение» тарихындағы ең үздік ән анықталған болатын.