Нидерланд «Евровидение» байқауын көрермендердің қатысуымен өткізуге рұқсат берді

Евровидение-2021 ән байқауын ұйымдастырушылар көрермендерге іс-шараға қатысуға рұқсат беруді көздеп отыр.

Бұл Нидерланд билігінің тиісті шешімінен кейін туындады, деп хабарлады байқау сайты.

Алдағы апталарда байқау ережелері туралы толығырақ ақпарат жарияланады.

Еске салайық, Евровидение-2021 байқауы 18-22 мамырда Роттердамдағы Ahoy аренасында өтеді.