425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Eurovision ән байқауын тамашалауға 3,5 мың адам ғана кіреді

  • 329
  • UPD: 13:00, 02.04.2021
Eurovision ән байқауын тамашалауға 3,5 мың адам ғана кіреді

Eurovision халықаралық ән байқауы биыл көрермендердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нидерланд билігі осындай шешім қабылдады. Алайда келген қонақтардың саны шектеулі болмақ. Шамамен 3,5 мың адам деп жоспарланып отыр. Жанкүйерлер де, қатысушылар да коронавирусты анықтайтын тест тапсыратын болады. Тесттің теріс нәтижесінен бөлек өнерпаздар 5 күндік карантиннен өтуі керек. Ал жанкүйерлермен қарым-қатынаста болуға тыйым салынған.

Айта кетейік, ән байқауы осы жылдың 18 мамырында басталып, 22-сі аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы