«Евровидение-2021»: барлық финалистер анықталды

Албания, Болгария, Молдавия, Сербия, Грекия, Финляндия, Португалия, Исландия, Швейцария және Сан-Марино «Евровидение-2021» халықаралық ән байқауының финалына өтті.

Бұл туралы ұйымдастырушының Twitter-дегі аккаунтында жазылды.

Бұған дейін бірінші жартылай финалда Ресей, Норвегия, Израиль, Әзербайжан, Мальта, Литва, Кипр, Швеция, Бельгия және Украина елдерінің өкілдері көпшіліктің көңілінен шығып, финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алған еді.

Ал байқау ұйымдастырушысы Нидерланд, сондай-ақ Ұлыбритания, Испания, Германия, Италия және Франция финалға автоматты түрде өтті.

«Евровидение» байқауын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.